Балаева Шаханов, Рахмоновтардың атынан арандатушылық үндеу таралуына орай мәлімдеме жасады

04.02.2026

Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде арандатушылардың жалған парақшалар мен аккаунттар ашып, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге кіріскенін мәлімдеді

"Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда", – деді Аида Балаева. 

Министр бұл ретте ақын Мұхтар Шахановтың, спортшы Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан фейк-аккаунттар ашып тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жарияланып жатқанын мысалға келтірді. 

"Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде.Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз", – деді министр. 

Аида Балаева тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырып, жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. 

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью