Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров жұбы. Шахматшылар шаңырақ құра ма

21.10.2026

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров жуырда. Бұл туралы Жавохирдің атасы Комил Синдаров журналист Олимжон Усаровқа берген сұхбатында мәлімдеді. 

Комил Синдаровтың айтуынша, Жавохирдің болашақ жары шахмат әлемін жақсы түсінуі маңызды. Өйткені жас гроссмейстер жылдың басым бөлігін шетелде, халықаралық жарыстарда өткізеді.

Сондай-ақ ол Бибісараның Қазақстаннан болуы екі ел арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Осы орайда Әмір Темір ұрпақтарының өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнату үшін жар таңдағаны туралы тарихи мысал келтірді.

Екі шахматшының қарым-қатынасы қашан басталды?

Жавохир Синдаров Ташкент қаласында туған. Ол 12 жасында гроссмейстер атанған. 2025 FIDE Әлем кубогы жеңімпазы. 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде 1-орын алды. 

Бибісара мен Жавохир шахмат сахнасында бірге бой көрсете бастағанына бес жылдан астам уақыт болды. Басында жанкүйерлер мұны "жай достық" деп қабылдайтын. Себебі екі шахматшының туған елі де, мансап жолы да ұқсас. Бірақ 2025 жылдың соңынан бастап олардың қарым-қатынасы жайлы болжамдар көбейді.

Фото: Telegram/bibisarachess

Пафостағы Үміткерлер турнирінде де Бибісара Жавохирдің сенімді қолдаушысы болды. Жавохир де оның матчтарын аңдып отырды. Тіпті турнир барысында "Сараға көмектесуге тырысам" деп ашық мәлімдеді.

Желіде сыбыс тарай бастаған соң, желі қолданушыларының бірі Бибісарадан "Синдаровпен алғаш қашан таныстыңыз?" деп сұраған. Оған шахматшы қыз: "Біз бала кезден турнирлерде бір-бірімізді көріп жүрдік, бірақ 2021 жылдан бастап араласа бастадық", – деп жауап берген. 

2021 жыл Бибісараның блицтен бірінші рет Әлем чемпионы атанған еді. Ал 2025 жылдың аяғында рапид чемпионаты кезінде FIDE-нің ресми трансляциясында гроссмейстер Питер Леко Бибісараны камераның алдында Бибісараны "Синдаровтың қызы" деп атады. 

Жавохирдің отбасы бұл одақты қолдайды

Бұған дейін Комил Синдаров немересі мен Бибісараның қарым-қатынасы туралы пікір білдіріп, олардың достығы махаббатқа ұласса, отбасылары қолдауға дайын екенін айтқан болатын.

"Бибісара да, Жавохир де – ақылды адамдар. Егер бұл махаббатқа ұласып бара жатқан достық болса, бұл – сүйетін де, сүйілетін де кез. Біз оларды қолдаймыз. Жарқын жол тілеп, батамызды беруге дайынбыз", – деген еді ол.

Ал Жавохирдің әжесі Бибісараны бала кезінен танитынын айтқан еді.

"Бибісараны кішкентай кезінен танимыз. Жанымызда бірге жүретін, бірге шахмат ойнайтын. Жастайынан танимын, араласамыз. Қазірше дос. Ертең не болатынын білмейміз. Егер ертең ол маған "қызды ұнатам, жақсы көремін" десе қабылдаймыз", – деді әжесі.

Жанкүйерлер де екі жұлдыздың жақындығын жылы қабылдады. Олар әлеуметтік желіде "Жастар бақытты болсын", "Қазақ пен өзбек – бауырлас халық", "Қазақ пен өзбек құда болады" деген пікірлер қалдырып, қос шахматшыға тілектестігін білдірді.

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, шахматтағы жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Ал Комил Синдаровтың соңғы мәлімдемесі олардың қарым-қатынасы туралы бұрыннан айтылып жүрген болжамдарға жаңа дерек қосты.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью