Білім тестін тапсырғанда күйзеліске ұшыраған ұстаздардың хаты мыңдап келіп жатыр Жұлдыз Сүлейменова

13.04.2026

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтарды аттестациядан өткізу оларды жазалау немесе денсаулығына кері әсерін тигізу сипатынан арылуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта мұндай теріс сипаттағы формалды шаралар зерттеле келе тоқтатылады. 

"Аттестация мұғалімді жазалау құралы емес, олардың денсаулығына кері әсер етпейтін және күнделікті атқарып жүрген еңбегін бағалайтын білім жүйесіне айналуы тиіс. Өкінішке қарай, білім тестін тапсыру кезінде күйзеліске ұшыраған ұстаздардың хаты маған мыңдап келіп жатыр. Аттестацияның денсаулығына кері әсерін тигізгенін ұстаздар менімен кездесіп қалған кезде де жиі айтады", – деді оқу-ағарту министрі. 

Жұлдыз Сүлейменова бұл ретте аттестация шын мәнінде мұғалімді қолдауға, оның біліктілігін одан әрі өсіруге және мұғалімнің санатын дәлелдеуге мүмкіндік беруге бағытталуы шарт екенін алға тартты. 

"Ұстаздардың арыз-шағымы нені білдіреді? Шыны керек, мектепте тақтаның жанында қырық минут бойы сабақ беру ерлікпен тең. Өйткені, біздің алдымыздағы балалар әртүрлі. Олардың психикалық, психоэмоционалдық жағдайы да әртүрлі. Сондықтан, біз мұғалімді одан әрі жазалаудың немесе оларды қинаудың бүкіл формалды дүниелерін алып тастауға тиіспіз. Аттестация мұғалімді қолдауға, оның біліктілігін одан әрі өсіруге, мұғалімнің санатын дәлелдеуге мүмкіндік беруге бағытталуы шарт", – деді министр. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
Читать полностью