Бүгін Мәуліт айы басталды. Бұл айда мұсылмандар ораза ұстай ма

14.08.2026

Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.

Бүгін Хижра жыл санауы бойынша Рабиғул әууәл айы басталды. Ислам дінінде бұл күн қасиетті Мәуліт айының, яғни Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген айдың басталуын білдіреді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады.

2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, Мәуліт түні тамыздың 24-інен 25-не қараған түнге сәйкес келеді. 

Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы. Есесіне, Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу сүннет. 

"Мәуліттегі мақсатымыз Пайғамбарымызды шектен тыс қиял ғажайыптар қосып, тәңірге балап  ұлықтау емес. Мәуліттегі мақсатымыз Оны еске алу. Оның теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу", – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
Читать полностью