Бұл әділ емес . Оқу министрі ТЖБ ның тоқсандық бағаның жартысына тең екені туралы

28.07.2026

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде мектептегі бастауыш сыныптардан тоқсандық және бөлім жиынтық бағалау сынақтарын алып тастауға қатысты тағы бір негіздемесін ұсынды. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда қолданыстағы жүйе әділ емес. 

"ТЖБ тоқсандық бағаның 50 пайызын құрайды. Ал күнделікті қалыптастырушы бағалау мен БЖБ екеуі қосылып, қалған 50 пайызы береді. Яғни бала күнделікті сабаққа барып, тапсырмаларды орындап, бөлім жиынтық бағалау сынағын жақсы тапсырғанымен, қандай да бір себептермен тоқсандық бағалауда төмен балл алып қалса, онда бұл оның тоқсандық қорытынды бағасына кері әсер етеді. Біздің ойымызша бұл әділетті емес", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Министр бұған дейін бұл мәселе биылғы тамыз кеңесінде талқыланып, шешім шығарылатынын хабарлаған болатын. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью