По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Биылғы диплом және аттестат тапсыру маусымы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Бірі дипломын жыртқандай әсер қалдыратын видео жарияласа, енді бірі сахнада би билеп, ерекше перформанс көрсетті. Түлектердің мұндай контенті қоғамда қызу пікірталас туғызып, кейбірі жауапкершілікке тартылды. Informburo.kz биылғы диплом тапсыру маусымында көпшіліктің назарын аудартқан оқиғаларға шолу жасап, олардың қоғамда неге қызу талқыланғанын саралады.
Желіде тараған видеоларШілде айының ортасында әлеуметтік желіде Алматыдағы жекеменшік колледж түлектерінің бірі диплом табыстау рәсімінен кейін қолындағы құжатты жыртып тастаған видео тарады.
Кейін белгілі болғандай, түлек видеода дипломды емес, видео түсіру үшін алдын ала дайындалған көшірмені жыртқаны анықталды. Соған қарамастан, ролик құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Полиция әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында видеоны тіркеп, тексеру жүргізді.
@almaty_police_depБейнежазбада «дипломын жыртып тастаған» түлек Алматыда жауапкершілікке тартылды Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында TikTok платформасында қоғамда кең резонанс тудырған жарияланымды анықтады. Тексеру барысында Алматы қаласындағы жекеменшік колледждердің бірінің түлегі диплом табыстау салтанатынан кейін диплом мұқабасына ұқсас затты көпшілік алдында жыртып жатқан бейнежазбаны жариялағаны белгілі болды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде дипломның түпнұсқасы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген түпнұсқа мұқабасы бүлінбегені анықталды. Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған. Соған қарамастан жарияланған бейнеролик интернет желісінде кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызып, полицияның тексеруіне негіз болды. Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. _____________ Выпускник, демонстративно «разорвавший диплом» на видео, привлечен к ответственности в Алматы В ходе мониторинга социальных сетей сотрудниками полиции выявлена публикация на платформе TikTok, вызвавшая широкий общественный резонанс. Установлено, что выпускник одного из частных колледжей Алматы после торжественной церемонии вручения дипломов разместил видеозапись, на которой демонстративно разрывает предмет, внешне схожий с обложкой диплома. Проведенной проверкой установлено, что оригинальный диплом с приложением, а также выданная образовательным учреждением обложка повреждены не были. На видеозаписи была использована заранее подготовленная имитация обложки диплома. Несмотря на это, опубликованный ролик получил широкое распространение в сети Интернет, вызвал неоднозначную реакцию пользователей и стал предметом проверки со стороны полиции. По результатам проверки автор видеозаписи привлечен к административной ответственности по части 3-1 статьи 456-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. Кроме того, за совершение административного правонарушения, предусмотренного частью 1 статьи 434 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (мелкое хулиганство), судом назначено административное взыскание в виде ареста сроком на пять суток. Полиция напоминает, что действия, направленные на распространение недостоверной информации, а также публикация контента, нарушающего общественный порядок или вводящего граждан в заблуждение, влекут ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.
♬ оригинальный звук - almaty_police
Нәтижесінде түлек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі (жалған ақпарат тарату) және 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Кейін жас жігіт әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, колледж ұжымынан, оқытушылардан және жұртшылықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, мұндай әрекетке назар аударту мақсатында барған.
Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті жылы қабылдамады.
Threads желісіндегі пікірлердің скриніАлматыдағы жағдай биылғы маусымдағы жалғыз оқиға емес. Әлеуметтік желілерде диплом немесе аттестат тапсыру рәсімінен түсірілген түрлі видеолар тарады. Олардың арасында құжатты лақтыру, жыртқандай көрсету немесе көрерменнің назарын аударуға бағытталған өзге де қойылымдар кездеседі.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған видеолардың бәрі дау тудырған жоқ.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектері де диплом алу сәтін шоуға айналдырды.
@turkistancity_media Түркістан жоғары оқу орындарында өткен диплом табыстау рәсімдері ерекше эмоциялар мен жарқын сәттерге толы болды. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өнер, медиа және дизайн факультетінің салтанатты рәсімі көпшіліктің назарын аударды. Сол әсерлі сәттердің бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз. Видеоларды ұсынған Ахмет Ясауи университеті, PR & Media бөліміне алғыс білдіреміз. #дипломалу #түркістан #qazaqstan #диплом #kazakhstan @Өнер-медиа дизайн факультеті ♬ оригинальный звук - turkistancity_media
Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің жылы пікіріне ие болды.
TikTok желісінде жазылған пікірлердің скриніЖезқазған университетінде диплом табыстау кезінде проректор түлекпен бірге суретке түсу үшін оның жанына тізерлеп отырды. Бұл видео да желіде кең таралып, қолданушылар мұны ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше құрметтің белгісі ретінде бағалады.
@ulytauinsideTikTok желісінде жазылған пікірлердің скриніКеше ЖезУ университетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімінде көпшіліктің ықыласына бөленген ерекше сәт бейнежазбаға түсіп қалды. Ұстаз шәкіртке деген құрметі мен ізетін сөзбен емес, ісімен көрсетті: естелік суретке түсер сәтте оның қасына тізерлей отырып, өзін шәкіртімен бір деңгейде ұстады. Бұл қарапайым көрінген әрекет көпшіліктің жүрегіне жол тауып, адамгершілік пен кішіпейілдіктің жарқын үлгісіне айналды. Кейде үлкен тәрбиенің мәні дәл осындай үнсіз, бірақ мағынасы терең қадамдардан байқалады.
♬ оригинальный звук - ulytauinside
Осылайша, биылғы диплом тапсыру маусымында әлеуметтік желіде әртүрлі форматтағы контент қатар тарады. Бірі құқықтық бағалауға ұласса, енді бірі позитивті реакция жинады.
Неге мұндай контент өтімді?Әлеуметтік желіде мұндай контенттің неге жиілеп бара жатқанын медиа-сарапшы Саягүл Әлімбекова қазіргі цифрлық ортадағы аудитория назарын иелену талпынысымен байланыстырады.
Қойылым қай кезде құқықтық мәселеге айналады?"Қазір әлеуметтік ортада "сәдфишиң" (Sadfishing) өтімді болып тұр. Ол – адамдардың назарын аудару, аяушылық сезімін ояту және лайк, коммент жинау үшін өз мұңы мен көз жасын әдейі, шамадан тыс көрсету құбылысы. Тағы бір кең жайылып бара жатқан теріс тренд – "Батырлық синдромы". Адам дипломды жырту арқылы өзін "ескі көзқарастарды бұзушы", "еркін" немесе "әділетсіздікке құрбан болған кейіпкер" ретінде көрсеткісі келеді. Бұл – "хайп мәдениетінің" және эпатаждың көрінісі", – деп бағалады медиа-сарапшы.
Заңгер Ғабдул-Ғани Әбутәліптің айтуынша, әлеуметтік желіде жарияланған мұндай контенттің құқықтық бағасы әр істің мән-жайына қарай беріледі.
"Түлектің дипломын жыртқандай әсер қалдырған видеосы қоғамда үлкен резонанс туғызды. Мұндай әрекеттер жастарға дұрыс үлгі болмайды деп есептеймін. Диплом – жай ғана қағаз емес, онда мемлекеттік елтаңба бейнеленген ресми құжат. Сондықтан оны көпшілік алдында жырту немесе жыртқандай әсер қалдыратын әрекеттер қоғамда мемлекеттік нышандарға құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар мұндай видеолар қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе өзге де құқық бұзушылық белгілеріне байланысты құқықтық бағалауға негіз болуы ықтимал. Әрбір жағдай нақты мән-жайына қарай жеке қаралады. Сондықтан көпшілік орындарда өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, қоғамда кең резонанс тудыруы мүмкін әрекеттерден аулақ болған жөн", – дейді заңгер.