Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы қолға алынды. Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев аймақтардағы жөндеу жұмыстарының барысын баяндады.
Министрдің айтуынша, бұл – Тәуелсіздік жылдарынан бері алғаш рет ұйымдастырылып отырған ең үлкен жоба. Оның негізгі мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.
Жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар:
124 вокзал жөнделеді: Ауқымды жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 124 теміржол вокзалы енген. Алаңдар абаттандырылады: Жергілікті әкімдіктер вокзалдардың айналасын ретке келтіріп, көріктендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 36 нысан дайын: Қазірдің өзінде 36 вокзалда құрылыс жұмыстары толық аяқталды.Жөндеуден өткен алғашқы 30 вокзал биылғы 1 шілдеге дейін халық игілігіне беріледі. Сонымен қатар, соңғы жылдары елімізде 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылған. Көлік министрлігі 2030 жылға қарай жолаушылар вагондарының 90%-ын жаңалауды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз: Қызылорда саябағындағы жантүршігерлік оқиға: жас жігіттің аяғынан айырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды