Емхана тегін дәрі дәрмекті бермесе, не істеу керек

02.04.2026

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастарға, сондай-ақ МӘМС және ТМККК аясында балаларға, жүкті әйелдерге және зейнеткерлерге беріледі. Бірақ осы санаттарға жататын қазақстандықтарға тегін дәрі-дәрмек қолжетімді деп көрсетілгенімен, бірақ іс жүзінде оларды алу қиынға соғатын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, емханаларда дәрі-дәрмектер жоқ екенін хабарлайды, қажет дәрі-дәрмектің бәрін бірдей бермейді немесе белгісіз уақытқа дейін күте тұруын сұрайды. Informburo.kz оқырмандары да редакциямызға осындай жағдайлар туралы хабарлады.

Ресми деректер дәрі-дәрмектердің аймақтарға көп мөлшерде жеткізілетінін көрсеткенімен, науқастар әлі де қажет дәрі-дәрмектерді алар кезде қиындыққа тап болады.

Дәрі-дәрмек уақытында берілмесе қайда жүгіну қажет екенін түсіндіреміз.

№1. Дәрі-дәрмектің шынымен де бар-жоғын анықтаңыз

Ең алдымен, "жоқ" деген жауапты естіген соң қолыңызды сілтемеңіз. 

Дәрігеріңізге немесе емхана әкімшілігіне хабарласыңыз. Медициналық ұйым рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беруге жауапты. Ресми деректерге сәйкес, дәрі-дәрмектер көбінесе қоймаларда немесе басқа емханаларда болады. Ал дәрі-дәрмектердің болмауы мыналарға байланысты болуы мүмкін:

медициналық ұйымның жұмыс істеуімен; дәрі-дәрмек таратудың кешігуі; ақпараттық жүйедегі техникалық ақаулар.

Мысалы, 2026 жылдың басында кейбір жағдайлар дәрі-дәрмектердің жоқ болуынан емес, ақпараттық жүйедегі ақаулықтан болды. Соған қарамастан дәрі-дәрмектердің бір бөлігі әлі де қоймада болуы мүмкін.

Мынаны нақтылау керек:

дәрі-дәрмек жүйеде бар-жоғын; қашан келеді деп күтілетінін; қандай себеппен берілмей жатқанын.

Қажет болған жағдайда, ауызша немесе жазбаша түрде түсініктеме сұраңыз.

№2. Басқа емханаға жолдама талап етіңіз

Тіркелген емханаңызда дәрі расында жоқ болса, оның жеткізілуін күту керек деген сөз емес.

Денсаулық сақтау министрлігінің ережесіне сәйкес:

тегін берілетін дәріге жазылған рецепт аймақ шегінде жарамды; сізді дәрі бар басқа мекемеге жіберуге міндетті.

"Бізде жоқ" деген жауаппен шектелмеңіз. Сізді қай емханаға жіберетінін және дәл қазір бұл дәрі қай жерде бар екенін нақтылап сұрап алыңыз. Сізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – медициналық ұйымның міндеті. Сондықтан оны өзіңіз табу сіздің міндетіңіз емес.

№3. Рецепттің дұрыс толтырылғанын тексеріңіз

Көп жағдайда мәселе дәрінің жоқтығында емес, рецептке байланысты болады.

Мыналарға назар аударыңыз:

рецепт жүйеде тіркелуге тиіс; ол белсенді болуы керек; дәрі-дәрмек тегін берілетін тізімге (ТМККК/МӘМС) кіруі қажет.

Рецепт жоқ болса немесе жүйеге "өтпей" тұрса:

қайта толтыруды талап етіңіз; жүйеге енгізілген-енгізілмегенін нақтылаңыз.

№4. Мәселені тіркеңіз

Дәрі-дәрмек берілмесе немесе сізді әр жерге жүгіртсе, онда бұл шағымдануға негіз болады:

өңірлік денсаулық сақтау басқармасына; 1414 call-орталығына; eGov арқылы немесе жазбаша өтінішпен; msqory.kz сайты арқылы; Qoldau 24/7 қосымшасы; Telegram-дағы @SaqtandyryBot.

Шағымда көрсетіңіз:

диагнозыңызды; дәрінің атауын; емхананың атын; бас тарту күнін.

№5. "СК-Фармацияға" жүгініңіз

Мәселе емхана деңгейінде шешілмесе, "СК-Фармацияға" тікелей хабарласуға болады.

Ең оңай жолы – 1439 байланыс орталығына қоңырау шалу. Болмаса әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазуға болады:

Instagram:
https://www.instagram.com/sk_pharmacy Facebook:
https://www.facebook.com/skpharmacy.kz

Сондай-ақ басқарма төрағасының блогы арқылы өтініш қалдыруға болады.

Мамандар неліктен жеткізу кешігіп жатқанын анықтап, өңірлік өкілдерді тартады. Әр пациенттің мәселесі жеке қаралады.

Маңызды: мұндай өтініштер мәселенің қай кезеңде туындағанын жедел анықтауға және оны тезірек шешуге көмектеседі.

№6. Пациенттік ұйымдарға жүгініңіз

Мәселе емхана арқылы шешілмесе, осы саладағы қоғамдық қорлар мен пациенттік ұйымдарға да жүгінуге болады. Мұндай ұйымдар пациенттердің өтініштерін жинап, денсаулық сақтау жүйесіндегі өкілдер бар салалық чаттар мен жұмыс топтарына жібереді. Осылайша күрделі жағдайларды жеке-жеке қарауға көмектеседі.

Көп жағдайда пациенттер бұл жұмыс топтарына тікелей қосыла алмайды, бірақ олардың мүддесін осындай салалық бірлестіктер қорғайды. Бұл әсіресе мәселе қайталанса немесе емханаға жүгінген кезде ешқандай нәтиже болмаса тиімділігін көрсетеді.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью