Ешбірі мемлекетті жеке мақсатта пайдалана алмайды . Қырғыз президенті өз туыстары туралы

27.04.2026

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Kaktus.media басылымына берген сұхбатында өз туыстары мен жақындарының мемлекеттік қызметке араласуы туралы пікір білдірді. 

Президенттің сөзінше, олардың ешбірі мемлекеттік қызметпен айналыспайды. Бірақ, жеке кәсіппен айналысу арқылы елге пайдасын тигізіп жүр. 

"Менің балаларым ғана емес, отбасымның ешбір мүшесі, бірде-бір туысқаным мемлекеттік істерге араласпайды. Мен ең басында олармен "бұрынғы президенттердің қателіктерін қайталамаймыз" деп келісіп алғанмын. Олармен мемлекетке және саясатқа қатысы жоқ шаруалармен айналысады. Кіші балам (Нурдоолот – ред.) туралы айтсам, саяси процестер мен мемлекеттік қызметтің қайнаған ортасында жүріп, балаларға жеткілікті көңіл бөле алдым ба деп ойланамын. Әсіресе, кіші баламның жанында сирек болдым. Сондықтан, кейде Нурдоолот менің жанымда жүреді. Ағылшын тілін жетік білетіндіктен, аудармашым болады. Бірақ, оның мемлекет істеріне қатысы жоқ және мемлекеттік мекемелермен бизнес жүргізбейді", – деді Садыр Жапаров. 

Сондай­-ақ, ол бауыры Сабыр Жапаровтың да "Құмтөрге" еш қатысы жоғын атап өтті. 

"Бұл 100 ғана емес 1000 пайыз жалған сөз. Оның ойланбай жасаған жалғыз қателігі – Түркияға барғанда алтын өңдеу зауытына барып, қолына алтын ұстап суретке түскені. Егер ол расымен Қырғызстаннан алтынды басқа елге шығарып жатса, солай суретке түсер ме еді", – деп түсіндірді президент. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью