Грузияда апатқа ұшыраған түркиялық әскери ұшақтағы 20 адамның 19 ының денесі табылды

13.11.2025

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

11 қарашада Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған әскери ұшақта болған 20 адамның 19-ының денесі табылса, жиырмасыншы адамның денесі іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ, ұшақтың "қара жәшігі" де табылған. Бұл туралы Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады, деп жазды Анадолы ақпарат агенттігі

"Біз 19 марқұмның денесін таптық, соңғысын іздестіру әлі жалғасып жатыр", – деді Түркия басшысы.

Режеп Тайып Ердоған апат болған аймақтағы жұмыстардың барысы нақты уақыт режимінде бақыланып отырғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мен Президент әкімшілігі жанындағы Байланыс басқармасы қоғамды үнемі хабардар етіп отырады. Сондай-ақ, ол адамдарды апатқа қатысты жалған ақпараттардан сақ болуға шақырды.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью