Ислам ән мен музыкаға қарсы емес, бірақ шарты бар ҚМДБ

02.07.2026

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан музыка мен әуенге қатысты кең тараған деректерге талдау жасады. 

"Ислам ғұламаларының пікірі бойынша, ізгілікті насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал адамға жаман ой тастайтын, мысалы арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған", – деп жазды бас имам. 

Бұл ретте ол ақын Абайдың:

"Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар...", – деген сөзі музыка мен әуенге берілген өлшем екенін айтады. 

Ал домбыра жөнінде имамның жауабы нақты: Домбыра – тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке шақыратын аспап. 

"Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Жырауларымыз ел басына күн туған шақта батырларымызды жігерлендіру мақсатында қара домбыраны қолға алып, жыр айтып, Отанды қорғауға үндеген. Бұл жырлар жауангерлерімізге рух берген", – деп жазды Төлеби Оспан.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью