Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Қытайда тіркелген көлік иелері Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда оларды сертификатталған фото және бейнетіркеу жүйелері тіркейді.
Қазақстандық жүйелерде шетелдік, оның ішінде ҚХР-да тіркелген көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
Биыл жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін ҚХР-да тіркелген көлік құралдарының 165 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
"ҚХР көлік құралдарының нөмірінің ерекшелігі – оларда әкімшілік-аумақтық бірлікті білдіретін иероглиф, сондай-ақ латын әріптік таңбалары мен цифрлық белгілер бар. Қазақстанда олданылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер латын әріптері мен МТНБ сандық белгілерін анықтайды. Қолда бар функционал ҚХР-да тіркелген көлік құралдарын сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер автоматты режимде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінің республикалық серверіне жолданады, онда жүйе ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама қалыптастырады", – деді Олжас Бектенов.