Көктемде Көлсай көлдерінде балық аулауға тыйым салынды

27.02.2026

Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Көлсай көлдерінде 2026 жылдың 1 наурызынан 31 мамырына дейін балық аулауға тыйым салынды. Бұл туралы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтында жазылған. 

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазБШҒЗИ) 2025 жылы жасаған биологиялық негіздемеге сәйкес, 2026 жылдың 1 наурызынан 31 мамырына дейін Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай, Қайыңды көлдерінде және парк аумағындағы барлық өзен суларында әуесқойлық және спорттық мақсатта балық аулауға тыйым салынды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ұлттық парк аумағы қорық жерлері мен орман қоры жерлерінен тұрады. Ол төрт орман алқабы: Таушелек; Құрмет; Көлсай және Қарабұлақтан құралған. 

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью