По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қазақстандық партиялар Құрылтай сайлауына өз үміткерлерін ұсынып болды. Бұған дейін Ауыл, "Ақ жол", "Байтақ", ҚХП, ЖСДП, Respublica партиялары өз тізімін ұсынса, бүгін жаңадан құрылған "Әділет" партиясы бұл жұмысты түйіндеді.
Информбюро порталының талдауынша, соңғы Мәжіліс пен Сенат депутаттарының тек 46-сы ғана партиялардың тізіміне енген. Олардың 42-сі Мәжілісте депутат болса, қалған 4-уі Сенатта еңбек етті. Бұл тізімдерде өзгелермен қатар Мәжіліс төрағасы болған Ерлан Қошанов пен Сенат спикері болған Мәулен Әшімбаев жоқ.
"Әділет" партиясы өзіне қосылған Amanat партиясының атынан Мәжіліске депутат болған 42 адамды жаңа тізімге енгізбеген. Тек бұрынғы 18 депутаттың ғана есімін жаңа тізімнен оқи алдық. Сондай-ақ, тізімде бұрынғы 4 сенатор бар.
Өзге партиялар бұрынғы депутаттарының басым бөлігін Құрылтайдан көргісі келеді. Мәселен, Ауыл партиясын сегіз депутатының бесеуін қайтадан ұсынса, Respublica алтын депутатының бесеуі Құрылтай депутаты болғанын қалайды. Қазақстан халық партиясы бес депутатының төртеуін қайта ұсынды. "Ақ жолдың" тізімінде бұрын депутат болған алты адам бар. ЖСДП төрт депутатын бәйгеге қайта қосып отыр.
Партиялық тізімдерге қарай отырып, Құрылтай құрамы 145 депутаттан тұратынын ескерсек, бұрынғы Мәжіліс пен Сенатпен салыстырғанда оның құрамы ең кемі 70 пайызға жаңарады деп шамалауға болады. Сайлаудан кейін қайта ұсынылған депутаттардың кейбірі Құрылтайға енбей қалса, онда бұл көрсеткіш тағы да өсе түседі.
Информбюроның партиялық тізімдерге қатысты талдау материалын осы жерден оқи аласыздар.