Мәжіліс төрағасы Жаңа Конституция асығыс дайындалды деген пікірге жауап берді

19.03.2026

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында "Жаңа Конституция жобасы тым асығыс дайындалды" деген пікірлерге жауап беріп, Ата Заңның ерекшеліктеріне тоқталды. 

"Конституция жобасының дайындалуын асығыс деп айтуға болмайды. Ол туралы Президент те айтты. Бұл өзгерістердің негізі әлдеқайда ертерек қаланды. Былтыр күзде Мемлекет басшысы екі палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке көшуге бағытталған ауқымды парламенттік реформаға бастамашы болды, ал Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістер айқындалды. Сол сәттен бастап науқан белсенді кезеңге өтті, 130-дан астам сарапшыдан тұратын Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды және елдің түкпір-түкпірінен азаматтар арнаулы платформалар арқылы өз ұсыныстарын белсенді түрде жолдай бастады. Жоба азаматтардың ой-пікірлерін ескеріп, күн сайын жаңартылды, жетілдірілді", – деді Ерлан Қошанов. 

Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы Жаңа Ата заң шетелдік сарап­шылардың қатысуынсыз жасалғанын ерекше атап өтті. Ол – Қазақстанның төл құжаты. Конституцияның жоба­сын әзірлеу үнемі Мемлекет басшы­сының бақылауында болған.

"Президент Комиссия мүшелерін қанша мәрте қабылдап, өз ескертулері мен ұсыныстарын айтып отырды. Прези­денттің қатысуы бұл жұмысқа ерекше тереңдік пен қарқын берді. Конституцияның жекелеген нормаларын Президент тікелей өзі жазды. Бұл да қисынды, себебі жаңа Конс­титуция идеясының иесі – Мем­лекет басшысы. Оның ішкі принцип­теріне сәйкес келетін Әділдік, Заң мен тәртіп, Тазалық идеялары Конституция преамбуласының негізіне айналды", – деді мәжіліс спикері. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью