По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қазақстанда мектеп аумағындағы, оның ішінде мектеп ауласындағы қауіпсіздікке сол білім ошағының басшылығы жауапты. Сондықтан, мектеп аумағына бөгде адамдар тек арнайы өткізу режимі бойынша кіре алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Nofake сайтына берген жауабында айтылған.
Ведомство өкілдері бұл ретте еліміздің "Білім туралы" заңын басшылыққа алған. Заң бойынша білім беру ұйымдарында өткізу және объектішілік режим ұйымдастырылуы шарт. Сәйкесінше, мектепке және оның ауласына адамдар белгіленген өткізу режимі арқылы кіре алады. Сондай-ақ, мектеп аумағындағы балалардың қауіпсіздігіне сол білім ошағының басшылығы жауап береді.
"Мектеп аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру – білім беру ұйымының басшысының жауапкершілігі", – делінген министрліктің жауабында.
Еске салайық, биыл мұғалімдердің балалардың мектеп аумағындағы қауіпсіздігіне ғана жауапты екені заң жүзінде бекітілді. Ал одан сырт аумақтағы қауіпсіздік мәселесіне балалардың ата-анасы жауап береді.