Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
2026 жылғы 22-23 маусым аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Тестілеу 6 блок бойынша өтеді:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл.
Тестілеудің өзі 24 маусым өтеді. Тестілеуге қатысу құны – 9 403 теңге.