Мемлекеттік мектепті екінші қатардағы білім ордасы ретінде қабылдайды Жұлдыз Сүлейменова

02.07.2026

Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Оқу­-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында мемлекеттік мектептер мен оған деген сенімнің әлсіреуіне қатысты өз пікірін білдірді. 

"Бұл, ең алдымен, білім беру бағдарламаларының мазмұнына қатысты. Расында, бүгінде көптеген ата-ана баласын жекеменшік мектепке беруге ұмтылады. Тіпті ондай мүмкіндік болмаса да, мемлекеттік мектепте оқып жүрген баласын түрлі ақылы курстарға қатыстырады. Негізгі мақсаты – баласының кейін НЗМ немесе "Білім-инновация" лицейлері сияқты таңдаулы мектептерге түсуіне жол ашу. Ата-аналардың арасында мұндай мектепті бітірген түлек жоғары оқу орнына оңай түседі, грантқа қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болады деген түсінік қалыптасқан. Өкінішке қарай, осы көзқарас мемлекеттік мектептерді екінші қатардағы білім ордасы ретінде қабылдауға әсер етіп отырғандай", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мәселені шешу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі алдағы үш жылда "Келешек мектептерін" білім сапасы жағынан НЗМ мен "Білім-инновация" лицейлерінен кем түспейтін, озық білім беру орталықтарына айналдыруды көздеп отыр. 

"Жақында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының жетекшілігімен НЗМ білім беру бағдарламасын жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасымен жан-жақты салыстырдық. Айырмашылық – оқу мерзімінде. Зияткерлік мектептердегі 10-сынып жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына сәйкес келеді. Яғни оқушылар орта буында бір жыл артық оқиды. Осы уақыттың есебінен олар бағдарламаны тек терең меңгеріп қана қоймай, кең көлемде игереді. Айырмашылық жоғары сыныптарда да анық байқалады. Зияткерлік мектептерде 11 және 12-сыныптар бар, ал жалпы білім беретін мектептерде 10 және 11-сыныптар ғана оқытылады. Сонымен қатар оқушылар математиканы аптасына 7 немесе 10 сағат көлемінде оқуды таңдай алады. Соған сәйкес физика, информатика сияқты пәндерді де тереңдетіп меңгеріп, болашақ мамандығына бейімделеді", – деп түсіндірді министр. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью