Мұғалімдердің біліктілігін тексеруді тоқтату: Тест тапсырғандар үстемеақыдан қағыла ма

09.04.2026

Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің білімін бағалау сынағының тоқтатылатынына байланысты бұған дейін тест тапсырып үлгерген мұғалімдердің жағдайы қалай болатыны туралы сауалға жауап берді.  

"Жалпы бұған дейін тапсырған 51 мың адам бар. 51 мың педагог өзінің шекті балын жинаған екен. Ол педагогтер өзінің шекті балын жинап, бүкіл портфолиосын жинақтап, өзі кәдімгідей тапсыратын кезеңімен, яғни өзінің бүгінгі таңда көрсетіліп тұрған аттестациядағы кезеңдерді тапсырады. Қыркүйектен бастап өткендері өздерінің қосымша үстемеақыларын алатын болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Еске салайық, кеше оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімі тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Алайда бұл хабарлама педагог қоғамдастығында түсініспеушіліктер туғызып, тіпті сын пікірлер де жазылды. Сондай-ақ, бұл тоқтату уақытша сипатқа ие екені туралы да жазылды. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью