NVIDIA акциялары 4,3 пайызға құлдырады. Дженсен Хуанг қызметінен кете ме

10.11.2026

Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.

Америкалық NVIDIA компаниясының акциялары компанияның бас директоры Дженсен Хуангқа қатысты жанжалдан кейігі құлдырауын жалғастырды. Дүйсенбі, 9 қарашада компанияның бағалы қағаздары сауда қорытындысы бойынша 4,3%-ға арзандап, бір акцияның құны 178,67 долларға дейін төмендеді. Нәтижесінде компанияның нарықтық капиталы шамамен 190 млрд долларға қысқарды.

NVIDIA компаниясының акцияларының динамикасы

Жанжалға АҚШ барлау қызметтері Қытайдың мүддесіне ақпарат жинаған болуы мүмкін деп күдіктенетін кәсіпкер әйелмен Хуангтың қарым-қатынасы туралы ақпарат себеп болды. Бұған дейін The New York Times басылымы NVIDIA басшысының Сингапурдағы Megaspeed компаниясының бұрынғы топ-менеджері Элис Хуангпен жақын қарым-қатынаста болғаны туралы жазған.

Осы жағдайдан кейін Дженсен Хуанг компания қызметкерлеріне некеде опасыздық жасағанын мойындап, отбасы мен әріптестерінен кешірім сұрады. Ал NVIDIA басшылығы Дженсен Хуангтың компаниядан кетпейтінін және өз қызметін жалғастыратынын мәлімдеді. 

Бұл жанжалдың салдары қор нарығындағы сауда кезінде де байқалды. Bloomberg мәліметінше, дүйсенбіде NVIDIA акциялары бір сәтте 8,8%-ға дейін арзандап, компанияның нарықтық құны шамамен 400 млрд долларға азайған. Алайда күн қорытындысында құлдырау көрсеткіші 4,3% болды. 

Дегенмен, сарапшылар компанияның акцияларының құлдырауы тек Дженсен Хуангтың басындағы оқиғаға байланысты емес екенін айтады. Одан бөлек, көрсеткіштердің төмендеуіне АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі, жасанды интеллект чиптері нарығындағы бәсеке де әсер еткен. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью