Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдағы белсенді азаматтардың EGov порталының "Білім" бөлімінде тегін үйірмелер туралы ақпараттың жариялануына қатысты айтқан сынына жауап берді. Оның сөзінше, министрлік ашықтық саясатын ұстанады және одан бас тартпайды.
"Біздің мемлекетіміз орта білімді тегін береді. Сәйкесінше, мектептердегі тегін үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс жарияланады. Оған қаражатты жергілікті әкімдіктер бөледі. Сондықтан, бұл қаражаттың қаншалықты дұрыс игеріліп жатқанын қоғам және ата-аналар білі тиіс деп есептеймін. Ақпараттың дұрыс, сапалы және уақытылы жариялануына жергілікті атқарушы органдар және оның ішінде мектептер жауапты", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сондай-ақ, министр "Әлеуметтік әмиян" бағдарламасы аясында ата-аналар балаларының тамақтануына қатысты ақпаратты ала алатынын еске салды.
"Енді одан бөлек, Egov платформасының "Білім" бөлімінде ата-аналар балаларының тегін үйірмеге қатысуы туралы ақпаратты да ала алады. Біз бұл арқылы жалған және формалды есептіліктің алдын аламыз және мемлекет қаржысының дұрыс жұмсалуын бақылаймыз. Бұл үйірмелер балалардың білімін арттыруға, спорттық дағдыларын күшейтуге қаншалықты тиімді ықпал ететінін де зерттей аламыз", – деді министр.