По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Мектеп оқушыларының білім деңгейін бағалау мен сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырау облысындағы "Келешек мектебіне" барған кезінде айтты, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Кездесу барысында білім сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін айтты", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, министрдің сөзінше, 5-7 сыныптарға "Конституция негіздері", 8-9 сыныптарға "Заң және тәртіп" пәндерін енгізу, ал 10-11 сыныптарда "Құқық негіздерін" оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр.