Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін отандық фильмдердің үлесі жыл санап артып келеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
Мысалы, 2021 жылы отандық фильмдер саны 31 болса, 2022 – 60, 2023 – 79, 2024 – 94, 2025 – 103-ке жеткен. 2025 жылғы көрсеткіш жалпы кинопрокаттың 25 пайызына тең.
Ал жылына Қазақстанның кинотеатрларында 400-ге жуық фильм көрсетіледі.
"Кинотеатрлар табыс әкелетін жеңіл ойын-сауық картиналарынан басқа ұлттық фильмдерді көрсетуге қызығушылық танытпайды. Мемлекет кинотеатрларға қолдау көрсетпейді және ұлттық фильмдердің көрсетілімдерін субсидияламайды. Кинотеатрлардың заңнамалық деңгейде мемлекеттік қолдау есебінен өндірілген фильмдерді көрсету міндеті туралы норманы енгізу реттеушілік әсерге талдау жүргізуді талап етеді, себебі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды", – деді Аида Балаева.
Премьер-министрдің орынбасары бұл ретте заңға кинотеатрлардың ұлттық киноны көрсету міндетін реттейтін түзету енгізуді ұсынды.