Отандық өндірушілер дүкен есігінен сығалап, өгейдің күнін кешіп жүр мәжіліс депутаты

04.03.2026

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің атына сауал жолдап, отандық өнімдер мәселесін көтерді. 

Депутаттың айтуынша, отандық өндірушілер сауда желілерінің есігінен сығалап, өгейдің күнін кешіп жүр. 

"Қолданыстағы заңнамада сауданың барлық форматтарында отандық өнімге сөрелерде кемінде 30% орын бөлу талабы бекітілді, сондай-ақ сауда желілерін субсидиялау арқылы бұл үлесті 50%-ға дейін арттыру тетігі көзделген. Алайда іс жүзінде кез келген сауда нүктесіне кірсеңіз шынайы көрсеткіш мүлдем басқаша. Қазіргі таңда қазақстандық көптеген өндірушілер ірі азық-түлік сауда желілеріне кіре алмай отыр, ал кірген күннің өзінде олардың өнімдері төменгі сөрелерге орналастырылып, импорттық тауарлар ең көзге көрінетін аймақтарға қойылады", – деді депутат. 

Бұл ретте ол министрден сауда форматтары мен негізгі тауар санаттары бойынша деректерге сүйене отырып, отандық дайын өнімнің сөрелерге шығуын күшейтуге бағытталған нақты бағдарламаны әзірлеуді сұрады.

"Аталған бағдарлама шеңберінде өндірушілерді сауда желілерімен және маркетплейстермен жұмыс істеуге үйрету, әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін маркетинг пен қаптаманы қаржылай қолдау, сондай-ақ сауда желілеріне кірудегі ретробонус сияқты талаптарды шектеу және отандық тауарларды төменгі сөрелерге ығыстыру секілді кедергілерді қысқарту мәселелерін қарастыру орынды деп санаймын", – деді Аманжол Әлтай. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью