Пастерленген түйе сүтінің алғашқы халықаралық стандарты әзірленеді

09.02.2026

Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Біріккен Араб Әмірліктері пастерленген түйе сүтіне арналған әлемдегі алғашқы халықаралық стандартты әзірлеуге жетекшілік етеді. Бұл туралы Business Emirates агенттігі хабарлады.

Мұндай шешім Codex Alimentarius комиссиясының Римде өткен 48-ші сессиясы барысында қабылданған. Сессияға комиссияға мүше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және Халықаралық тамақ ғылымдары мен технологиялары одағының өкілдері қатысып, бастаманы қолдады. Осы уақытқа дейін түйе сүтіне арналған бірыңғай халықаралық стандарттың болмауы саланың коммерциялық дамуын айтарлықтай шектеп келген болатын. Жаңа стандарт өнім сапасын арттыруға, тұтынушылардың денсаулығын қорғауға және халықаралық саудадағы кедергілерді азайтуға бағытталған.

Сарапшылардың мәліметінше, түйе сүтінің жаһандық индустриясының көлемі өткен жылы шамамен 1,37 млрд долларды құраған. Орташа жылдық өсім 4% деңгейінде сақталған жағдайда, 2033 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,93 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін. Қазіргі таңда әлемдік өндірістің шамамен 40 пайызы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне тиесілі. Сонымен қатар, түйе сүтінің шипалы қасиеттеріне байланысты Еуропа мен Азия елдерінде оған деген сұраныс артып келеді.

Біріккен Араб Әмірліктері жыл сайын 7 мың тоннадан астам пастерленген түйе сүтін өндіріп, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, ел Еуропалық одақ, Қытай және Америка Құрама Штаттары секілді бірқатар экспорттық нарықтарға өнім жеткізеді. Халықаралық стандарттың енгізілуі жаңа нарықтарға шығуды жеделдетіп, түйе сүті өндірісінің одан әрі өсуіне серпін береді.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью