Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қазақстан Үкіметінде тоғыз тіл меңгерген министр бар. Бірнеше шет тілін білетін шенеуніктердің қатарында Саясат Нұрбек, Мұхтар Тілеуберді және Әлібек Қуантыров бар. Ал жиналған дерек бойынша, 21 министрдің 11-і ағылшын тілін меңгерген.
Деректер министрліктердің ресми сайтынан және басқа да ақпараттық сайттардың анықтамалық бөлімінен алынды. Инфографика: Informburo.kzҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, латын, жапон және араб тілдерін біледі. Бұл мәлімет оның жеке сайтында жарияланған.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бес тіл меңгерген. Ол қазақ, орыс, ағылшын, жапон және корей тілдерін біледі. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров қазақ және орыс тілдерінен бөлек, ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.
Ағылшын тілін білетін министрлердің қатарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бар.
Ал ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, қаржы министрі Мәди Такиев, төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев туралы анықтамалықтарда қазақ және орыс тілдерін меңгергені көрсетілген.
EF EPI-дің 2025 жылғы есебінен скринОсылайша, ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша, министрлердің жартысынан көбі ағылшын тілін біледі. Ал жалпы алғанда EF EPI рейтингі бойынша Қазақстан ағылшын тілін білу деңгейі бойынша 123 елдің ішінде 107-орында тұр. Ал Азия рейтингінде 25 елдің ішінде – 22-орында. Бұл өте төмен көрсеткіш саналады.