Қара сайрақ Қазақстанда 2026 жыл құсы болып белгіленді

30.01.2026

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

"Жыл құсы" жобасы аясында 2026 жыл құсы болып қара сайрақ белгіленді. Бұл туралы Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы хабарлады. 

Жыл құсы атануға қара сайрақпен бірге барылдауық үйрек те үміткер болғанымен, дауыс беру кезінде қара сайрақ 65 пайыз дауыс жинаған. 

Tabigat Media-ның жазуынша, қара сайрақ – ормандарда, саябақтарда және қалалардың жасыл аймақтарында жиі кездесетін, көпшілікке жақсы таныс құс. Ол қыста жылы жаққа ұшпай, жыл бойы Қазақстанда, адамға жақын жерде мекендейді. Бұл ретте ұйымдастырушылар "жыл құсы" деген жоба атауын күзде жылы жаққа ұшып кететін жыл құстарымен шатастырмау қажет екенін ескертеді. 

Қазақстандағы 2026 жыл құсының логотипі

ХХ ғасырдың басында сирек болғанымен, бүгінде қара сайрақ Алматының барлық жерінде таралған. Негізінен жасыл желекті аймақтарда: саябақтар, бау-бақшасы бар аулалар, қала шетіндегі ағаш-бұталарда ұя салады. 

Қара сайрақ әдетте ақпанның аяғы – наурыздың басында ән сала бастайды. Оның меланхолиялы даусын сыбызғының үніне ұқсатуға болады. Ақпанның аяғында жұптасып, еркектері ұя салатын аумаққа өзара таласа бастайды. Наурызда ұя соғып, 13-14 күн бойы жұмыртқа шайқайды.

Айта кетейік, "Жыл құсы" (Bird of the Year) кампаниясы әлемнің бірқатар елінде жүргізіледі. Оның мақсаты – табиғатты қорғауды көздейтін түрлі іс-шара өткізу жолымен құстарды сақтап қалу мәселесіне көпшіліктің назарын аудару. Мажарстанда биылғы жыл құсы – әуезшіл сайрақ, Эстонияда – қара ұзынқанат, Швейцарияда – зымыран, Латвияда – байғызша, Тәжікстанда – дала шілі, Беларусьте – қара дегелек, Оңтүстік Африкада – қара құладын.

Ал 2025 жылы Қазақстанда жұртшы жыл құсы атанған болатын. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
Читать полностью