Қазақ әдебиетін әлемге таныту жөніндегі бастамаға жазушылар жаппай қолдау білдіріп жатыр

28.07.2026

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

Қазақ жазушылары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жөніндегі идеясына жаппай қолдау білдіріп жатыр

Мереке Құлкенов бұл идеяны қытай жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь қазақ жазушысы Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсына алмайтынын айтып жазған хатынан кейін көтерді. 

Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Қазыхан Әшенің сөзінше, Қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары халықаралық кітап көрмелеріне қойылғанымен, оларды мақсатты түрде насихаттау, шетелдік әдеби ортаға таныстыру, аудармасын ұйымдастыру сияқты жұмыстар жүйелі жолға қойылмай келеді.

"Ал Нобель сыйлығы – ғасырлар бойы қазақ ақын-жазушыларының асыл армандарының бірі. Сондықтан ұлттық әдебиетімізді әлемдік деңгейде насихаттау, оны Нобель сыйлығына лайықты дәрежеде таныстыру – бір адамның немесе бір ұйымның ғана емес, тұтас мемлекеттің мәдени саясатының маңызды бағыты болуы қажет", – деді ол. 

Ал ақын Жұлдыз Қожабекованың айтуынша, қазақ әдебиетінің әлеуеті өте жоғары. Бірақ сол қазынаны әлем оқырманына таныстыру үшін сапалы аудармашыларды, халықаралық баспаларды және әдеби агенттік институтын дамыту қажет. 

"Бұл жерде жеке жазушының ғана емес, тұтас мемлекеттің мәдени саясатының бір бағыты болуы тиіс. Сондықтан қазақ жазушыларының шығармаларын әлемдік әдеби кеңістікке шығаруға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу туралы ұсынысты толық қолдаймын. Төлен Әбдік секілді қаламгерлердің шығармалары әлемнің көптеген тілінде оқылып, қазақтың көркем сөзі халықаралық деңгейде лайықты бағасын алатын күн алыс емес деп ойлаймын", – деді ол. 

Ақын Бауыржан Жақып мұндай талпыныстың бұрын да болғанын еске салды.

"Олжас Сүлейменов ағамыздың төрағалығы кезінде Қазақстан Жазушылар одағының жанынан құрылған Аударма коллегиясы туралы білеміз. Оның жұмысына Мұрат Әуезов, Сәтімжан Санбаев, Ақселеу Сейдімбек сияқты танымал қаламгерлер тартылып, бірнеше штат ашылған еді. Сол кезде қазақ қаламгерлерінің таңдаулы деген шығармалары негізінен орыс тіліне тәржімаланды. Кейін қаржы қолбайлау болып, бұл іс аяқсыз қалды. Енді қазіргі кезеңде сол істі қайта жаңғыртып, жуырда Жазушылар одағында ашылғалы отырған Абай орталығының негізгі жұмысы қазақ әдебиетін әлемге таныту болса, нұр үстіне нұр болар еді", – деді Бауыржан Жақып.

Айта кетейік, қазір қоғамда қазақ ақын-жазушылары арасында Нобель лауреатының болмауы мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ал таяуда Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов қытай жазушысы Мо Яннан қазақ жазушысы Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсынуын сұраған болатын. Алайда, Мо Янь қазіргі уақытта бұл өтінішті орындай алмайтынын айтып жауап берді. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью