Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының медаль есебінде алтыншы орынға түсті. Екі күн бұрын Қазақстан төртінші орынннан бесіншіге төмендеген болатын.
Қазақстанның үздік бестіктен шығуына Таиланд құрамасының оныншы алтын медалін жеңіп алуы себеп болды. Осыдан кейін Таиланд бесінші орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 9 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар.
Медаль есебі. Азиада-2026 ресми сайтынан скринМедаль кестесінде Қытай көш бастап тұр. Оның еншісінде 132 алтын, 53 күміс және 45 қола медаль бар. Екінші орында – Жапония (41 алтын, 68 күміс, 63 қола), үшінші орында – Оңтүстік Корея (21 алтын, 26 күміс, 43 қола). Төртінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленіп отыр (12 алтын, 17 күміс, 13 қола).
Азиада-2026 жарыстары 4 қазанда аяқталады.