Қазақстан Қытай көліктерін ең көп сатып алған 10 елдің қатарына кірді

27.01.2026

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

2025 жылы Қытайдың автокөлік экспортының географиялық құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалды. Мексика Қытай автокөліктерін импорттайтын жетекші елге айналса, Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) алғашқы үштікке кірді, деп хабарлады Carnewschina.com.

Бұл ретте Қазақстан алғаш рет ондыққа кіріп отыр. Порталдың жазуынша, Қазақстан Қытайдан 2025 жылы 211 545 көлік сатып алған. 

2023-2024 жылдары Қытайдың негізгі автокөлік экспорт нарықтары қатарында Ресей, Мексика, Бельгия, Аустралия, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания болған. Соңғы кезеңде Аустралия, БАӘ және Ұлыбритания нарықтарында өсім байқалып отыр.

"2025 жылы экспорт құрылымы өзгеріп, Мексика бірінші орынға көтерілді, ал БАӘ-ге жеткізілім көлемі едәуір артты. Әсіресе, желтоқсан айында БАӘ-ге экспорт қайтадан жоғары деңгейге жетті. Ұлыбритания нарығындағы көрсеткіштер де оң нәтиже көрсетсе, Аустралиядағы экспорт тұрақты деңгейде сақталды. Ал Бразилияға экспорт көлемі жылдық салыстырмада төмендеді. Жаңа энергия көзіндегі көліктер (NEV) экспорты да өсуін жалғастыруда. Электромобильдер Қытайдың жалпы автокөлік экспортының 28 пайызын құрады (жылдық өсім – 2%). Плагин-гибридті көліктердің үлесі 13 пайызға жетіп (жылдық өсім – 8%), ал гибридті көліктер 6 пайызды құрады (жылдық өсім – 2%). Сонымен қатар, дәстүрлі бензинмен жүретін көліктердің үлесі 43 пайызға дейін төмендеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға аз", – деп жазды басылым. 

Қытайдан шығарылған жаңа энергия көзіндегі көліктерді импорттауда Бельгия көш бастады, одан кейін Ұлыбритания мен Мексика орналасқан. Тайланд, Индонезия және Үндістан да Қытай NEV көліктерін ең көп импорттаушы алғашқы он елдің қатарына енді, алайда бұл елдер жалпы автокөлік импорты бойынша үздік ондыққа кірмеді. 

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында экспорт өсімі жоғары болғанымен, АҚШ енгізген тарифтердің әсерінен көрсеткіштер баяулады. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью