Қазақстанда діни мәселелер бойынша жасанды интеллект кеңес береді

21.04.2026

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мамырдың басында жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін Imam AI құралын іске қосады. Бұл туралы діни басқарманың аппарат жиналысында айтылды, деп хабарлады ҚМДБ ресми сайты

Imam AI құралын таныстырған ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерішісі Тимур Серікқанұлының айтуынша, бұл жоба аясында адамдарға жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік туады. 

"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бағытындағы бастамалардың маңызыына тоқталып, діни қызмет сапасын арттыруда жаңа технологиялардың рөлі жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ жауапты бөлімдерге жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруды тапсырды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұл бастама туралы алғаш жыл басында белгілі болды. 

"Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады. Осы орайда, жасанды интеллекттің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет. Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз", – деген болатын бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью