Қазақстанда обаның қанша табиғи ошағы бар

05.10.2026

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанда обаның табиғи ошағы болып саналатын аумақтарға Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, БҚО, ШҚО, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстары жатады. Ошақтардың жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрден асады. Жалпы алғанда, 15 автономды ошақтарды қоса алғанда, қазақстанда обаның табиғи ошақтарының саны жетеу. 

Мұндай мәліметтерді Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Қазақстан Республикасының оба бойынша энзоотиялық аумағында 2026-2030 жылдарға арналған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" қаулысынан оқуға болады. 

ТМД аумағындағы оба ошақтары аумағының жартысынан астамы Қазақстанда жатқанынан қарамастан, қауіптенуге аса негіз жоқ. Қазақстанда обамен ауыру дерегі соңғы рет 20 жылдан астам уақыт бұрын, 2003 жылы тіркелген. Ол кезде оба адамға бүргенің шағуы арқылы таралған. 

Бірақ, эпидемиологтар обаның жануарлар арасында таралуы жыл сайын кездесіп отыратынын жоққа шығармайды. 

Қазақстанда қазіргі таңда обаға қарсы 9 станция жұмыс істейді. Олар жоспарлы түрде оба ошақтарына зерттеу жүргізіп, обаны таратуы мүмкін жануарларды аулап, тексереді. 

Еске салайық, Ресейдің Иркутск облысында 28 жастағы әйелдің оба жұқтырып, қайтыс болуы туралы ақпарат бұл тақырыпқа деген қызығушылықты арттырып тұр. Алайда, әзірге науқастың нақты неден қайтыс болғаны расталған жоқ. Ресей эпидемиологтарының мәлімдеуінше, бастапқы диагноз – пневмония. 

Осы жағдайдан кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында обаның таралу қаупі туындады деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

"Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу сипатындағы қажетті шаралар қабылданды. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктің барлық түрлерінде дене қызуы жоғарылаған, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталған жоқ. Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр. Жағдайға баға беру және қабылданып жатқан шаралар ресми ақпараттың түсуіне қарай нақтыланады", – делінген Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью