По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындарын "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілін" пәндерін оқытуға міндеттейтін талап "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына енгізілді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданды. Енді шетелдік ЖОО "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" пәндерін оқытуға міндеттеледі. Бұл талап заң дейгейіне көтерілді", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Заң жобасына енген өзгерту мәтіні:
"Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді".
Депутаттың сөзінше, Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ң филиалдары мен шетелдік ЖОО-на осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады.