Қазақстандықтар оразаны неге Сауд Арабиясынан бір күн кем ұстайды

18.02.2026

Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.

Сауд Арабиясында қасиетті Рамазан айының 18 ақпанда басталуы қазақстандық мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырды. Осыған орай, ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы түсіндірме берді. 

Оның айтуынша, Рамазан айының 19 ақпанда басталуы туралы пәтуа Самарқандта өткен Түркі елдері мүфтияттарының басқосуында қабылданған. Бұл пәтуа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан елдеріне ортақ болса, кейін оған Пәкістан, Малайзия, Мысыр, Индонезия секілді бірқатар мұсылман елдері қосылған. 

"Пайғамбарымыз "Айды көріп ораза ұстаңдар, Айды көріп ауыз ашыңдар" деген. Айды көзбен көру бар және Айды іліммен көру бар және Айды іліммен көру Айды көзбен көрумен тең. Бірақ, оның шарттары бар. Күн батқаннан кейін Айдың көкжиектегі биіктігі 5 градуста болуы керек және ол Оңтүстік, Солтүстік Американың аумағында анық көрінуі қажет. Міне, біз пәтуаны осы ілімді негізге ала отырып қабылдадық. Бұл нақты дәлелмен қабылданған шешім, ешбір күмәнге салынудың қажеті жоқ", – деп түсіндірді Сансызбай Құрбанұлы. 

Еске салайық, биыл Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. Ислам дінінде Рамазан айында күллі мұсылманға ауыз бекіту парыз етілген амал болып саналады. Ораза ұстаған адам таңнан күн батқанға дейін ауыз бекітуге ниет етіп, ішіп-жеуден ғана емес, теріс әдеттерден тыйылады.

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
Читать полностью