"Бір досым кетсе, артымда 7 миллион досым бар". Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиев туралы

26.02.2026

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғыз ұлттық "Кабар" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдің бұрынғы ҰҚК басшысы, өзінің досы Қамшыбек Ташиевпен қарым-қатынасы туралы айтты. 

Агенттік директоры шежіреші Мурат Жетимишбаевтың "президент Садыр Жапаров пен Қамшыбек Ташиевтің арасында алшақтық пайда болды, енді не болады деген алаңдаушылығын алға тарта отырып, президентке "Енді не болады?" деп мазасызданған азаматтарға түсініктеме бере аласыз ба?" деген сұрақ қойған. 

Садыр Жапаров бұл сұраққа: 

"Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтап қалмайды. Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым бар. Мен үшін бәрінен де қымбат – халқымыз бен қасиетті мемлекетіміз. Кімде-кім елдің тыныштығын бұзса, аяусыз жазасын алады. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді. Экономикамыздың өсу қарқыны одан әрі арта береді. Ішкі және сыртқы саясат өз арнасымен жалғаса береді", – деп жауап берді. 

Еске салайық, 10 ақпанда Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатты. Бұдан кейін елде әліге дейін ауыс-түйістер жалғасып жатыр. 

Қазіргі таңда Қамшыбек Ташиев Қырғызстаннан кетіп қалған. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью