"Қайрат" пен "Брюгге" арасындағы матчқа билеттер сатыла бастады. Билет қанша тұрады

08.01.2026

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтетін "Қайрат" – "Брюгге" матчының билеттері сатыла бастады.

Билеттерді тек Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобилді қосымшалары арқылы алуға болады және билет сатып алуда келесі талаптарды ескеру қажет: 

бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды; төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады. 

Қосымшадағы мәлімет бойынша, билет құны 15 мың теңгеден басталады.

Билет сатып алу кезінде қолданушы ЖСН, мобильді телефон нөмірін және электронды пошта мекенжайын енгізуі тиіс.

Тәртіп бойынша, билет иесіне SMS-хабарлама матч күні жіберіледі. Сондай-ақ, көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью