"Құпия кездесуге шақырады". Мәжіліс депутаты Roblox ойынына қатысты сауал жолдады

14.01.2026

По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қазақстанда Roblox онлайн-платформасының бұғатталмауына қатысты Жасанды интеллект министріне сауал жолдап, өз алаңдаушылығын білдірді. 

Депутаттың айтуынша, платформаны негізінен кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер пайдаланады. 

"Roblox сияқты ашық онлайн-платформаларда кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық ниеті бар тұлғалардың, соның ішінде педофилдер мен алаяқтардың белсенді әрекет ететіні туралы деректер бар. Олардың тактикалары қарапайым, алайда хирургиялық дәлдікпен жасалатындай. Алдымен ойындағы виртуалды чат арқылы баланың сеніміне кіріп, кейіннен Roblox-тан Телеграмға көшіп, құпия кездесуге шақырады және аяғы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Ал алаяқтар дәл осылай баланың сеніміне кіріп, оған сыйлық беруге уәде беріп, ата-анасының картасының номерін және СМС-кодты сұрайды. Бала сеніп айтқандарын орындайды, нәтижесінде картадан ақша шешіліп алынады", – деді Үнзила Шапақ. 

Оның сөзінше, Roblox платформасының балалар қауіпсіздігіне, психологиялық дамуына және контенттің бақылаусыздығына байланысты бірқатар мемлекеттер  қатаң шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, Түркия, Катар, Ресей, Қытай, Иран, Солтүстік Корея және басқа да мемлекеттерде аталған платформа бұғатталды. 

"Осы тұста "біз тек ел ішінде қандай да бір қайғылы жағдай орын алғаннан кейін ғана әрекет етуіміз керек пе?" деген сұрақ туындайды. Қазақстанда не себепті әлі күнге дейін аталған платформаға қатысты ұқсас шектеу немесе терең сараптамалық бағалау жүргізілмей отырғаны түсініксіз күйінде қалып отыр", – деді депутат.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью