По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан бойынша "QMDB HALAL" куәлігіне ие 42 қасапхана мен 431 қасапшы бар. Олар Құрбан айт кезінде мал сою ісіне барынша белсенді қатысады.
Құрбан айт биыл 27-29 мамырға сәйкес келеді. Қазір бүкіл ел бойынша мал сою орындары мұсылман мерекесіне дайындық жүргізіп жатыр.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасапхана қызметкерлеріне малды адал сою үшін сақталуы тиіс шарттар мен әдептерді еске салды. Олар:
Пышақты малға көрсетпей қайрау; Малды сол жамбасымен жатқызып, құбылаға қарату; Құрбан шалуға ниет ету; "Бисмиллә, Аллаhу Акбар" деп айту; Өңеш, кеңірдек және екі күре тамырын кесу; Қан толық ағып, жан тапсырғанша күту.Еске салайық, ҚМДБ-ның арнайы qurban.muftyat.kz сайты арқылы құрбан малына тапсырыс беріп, құрбандық рәсімін онлайн өткізуге мүмкіндік бар.
Құрбандық малының Қазақстан өңірлеріндегі бағасы туралы Информбюроның материалын осы жерден оқи аласыздар.