Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.
Қырғызстанда мемлекеттік әнұранның жаңа мәтіні жазылғанымен, оны парламент депутаттары ұнатпай қабылдамай тастады. Мәтін жазу үшін жаңа байқау өтікізіледі. Ол туралы өкімге министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев қол қойған.
Гимннің жаңа нұсқаларын іріктеу үшін мемлекеттік хатшы Арслан Койчиевтің жетекшілігімен ведомствоаралық комиссия құрылған. Оның құрамына депутаттар, президент әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, филологтар, сондай-ақ белгілі композиторлар, дирижерлер мен мәдениет қайраткерлері енді. Алайда, депутаттар әнұранның жаылған нұсқаларына мазмұны мен әуезі жағынан "әлсіз" және толық пысықталмаған деп баға берді.
Айта кетейік, жаңа гимнге қойылатын талаптар қатаң. Ол салтанатты, әсерлі әрі есте тез сақталатын болуы тиіс. Сонымен қатар елдің тарихын, халық бірлігін, мәдени дәстүрлерін және Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелеуі қажет. Мәтін таза қырғыз тілінде, бөгде сөздер мен кірме элементтерсіз жазылуы қажет.
Жаңартылған гимнді 1 маусымға дейін парламентке ұсыну жоспарланып отыр. Соңғы шешім белгіленген тәртіппен қабылданады.