Қырғызстанда діни тақырыпта жазатын блогерлер енді арнайы куәлік алуы тиіс

01.10.2026

Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қырғызстанның дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев енді діни тақырыпта жазатын блогерлер арнайы куәлік алуы керектігін мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg жазды. 

Нұрғазы Қырғызбаевтың мәлімдеуінше, енді діни блогерлер толықтай заң аясында жұмыс істеуге міндетті. Ол үшін заңға "діни уағызшы" термині енгізілген. Соған сәйкес, әлеуметтік желіде діни тақырыпта жазатын блогерлер міндетті түрде Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына барып, білім деңгейін растап, оған қоса қандай бағытта ақпарат тарататынын хабарлауы керек. Бұл шарттар орындалған жағдайда ол Дін істері агенттігіне барып, арнайы рұқсат куәлігін алады. 

Құжат бір жыл мерзімге беріледі. Одан кейін блогер құжат мерзімін ұзартуға құқылы. 

"Егер блогер аталған мерзім ішінде дұрыс емес ақпаратты тарататын болса немесе заң бұзатын болса, куәлігі жойылып, қайта куәлік алуына тыйым салынады", – деді Нұрғазы Қырғызбаев.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью