Қырғызстанда парламент төрағасы ауысты

12.02.2026

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қырғызстанда Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы қызметтен кетіп, оның орнына Марлен Маматалиев сайланды. Оған 77 депутат қолдап дауыс берсе, төртеуі қарсы болған. 

Марлен Маматалиев – 2021 жылдан бері парламент депутаты, "Ынтымақ" парламенттік фракциясының жетекшісі. 

"Мен ешқашан бір немесе екі адам үшін жұмыс істеген емеспін, мен әрдайым елдің, қырғыз халқының мүддесі үшін еңбек еттім. Осы уақыттың бәрінде елде маңызды әрі қажетті шешімдердің қабылдануына өз үлесімді қостым. Мен ешқайда кетпеймін, депутат ретінде жұмысымды жалғастырамын. Саяси тұрақтылықты сақтау үшін әзәзіл әрекеттерсіз жұмыс істеуді үйренуіміз керек", – деді Нұрланбек Тұрғынбекұлы қызметтен кетерінде. 

Еске салайық, көрші елде жоғарғы билікте ауыс-түйістер жүріп жатыр. Бұған дейін ел президенті Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев пен оның орынбасарларын қызметтен алған болатын. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью