Қызылорда облысында канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды

08.06.2026

По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті адам қолға түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Ұсталған күдікті сол ауданның тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов күдіктінің ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр және тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Істің толық мән-жайы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
Читать полностью