Рамазан айындағы тарауық: Қазақстанда қарилар жеткілікті ме

26.02.2026

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Қазақстанда Рамазан айында ел бойынша мешіттердің басым бөлігінде тарауық намазы оқылады. Бұл дәстүр биыл да жалғасып, 18 ақпаннан бері тарауық намазы оқылып жатыр. Дегенмен, намазды өткізетін қари имамдар жеткілікті ме? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай жауап берді. 

"Бүгінде елімізде Құранды толық жаттаған, көркем мақаммен оқитын, халықаралық жарыстарда топ жарған қарилар жеткілікті. Олар өңірлерге бөлініп, жамағатқа қызмет етуде. Өздеріңізге мәлім, былтыр елордамыз Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте ІІ Халықаралық Құран жарысы және Талдықорған қаласындағы "Иман" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауы өте жоғары деңгейде өтіп, қариларға үлкен жігер сыйлады. Бұл – еліміздегі діни білімнің өте үлкен деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді", – деді ол. 

Сондай-ақ, наиб мүфти мешіттердің тарауық намазын өткізуге дайындығы жайында да айтты. Оның сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына жыл сайын жан-жақты қызу дайындықпен келеді.

"Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттерде тарауық намазы оқылып, Құран хатымдары жасалады. Қайырымдылық шаралары, ауызашарлар, мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы Рамазан айы үшін анықтамалық жоспар әзірленіп барлық облыс, қала, аудандар мен ауылдарға тапсырма беріледі. Сол Рамазан анықтамалығындағы тапсырмаларға сәйкес, өңірлердегі барлық мешіттерімізде мерекелік безендірулер ұйымдастырылып, баннерлер, плакаттар ілінеді. Мешіт, дәретхана тазалықтарына жіті көңіл бөлу жұмыстары, мешіт ішіндегі дыбыс күшейткіштерді, микрофондарды қадағалап, кем-кетіктерін реттеу және мешіттерде болып жатқан өрт оқиғаларына байланысты еліміздегі барлық құлшылық орындарындағы электр желілерінің, жылыту жүйелерінің, өрт сөндіру құралдарының жағдайын мұқият тексеру жұмыстары атқарылады", – деді Кенжетай Дүйсенбай.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью