Румыния әлемде алкогольды ең көп тұтынатын ел атанды. Қазақстан ше?

18.06.2026

Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

World Population Review сараптамалық порталы әлем елдерінің алкогольды ішімдікті тұтынуы бойынша жаһандық рейтингті әзірледі.

Рейтинг жан басына шаққанда алкогольды тұтыну мөлшеріне қарай жасалған. Тізімнің алғашқы бестігінде Румыния (17,1 литр), Грузия (15,5 литр), Латвия (14,7 литр), Молдова (14,1 литр) және Чехия (13,7 литр) тұр.

Қазақстанда бұл көрсеткіш (5,4 литр) біршама төмен болғанына қарамастан, Орта Азия мемлекеттері арасында еліміз бірінші орында тұр. Ал жалпы тізімде 85-орында.

Alcohol Consumption by Country 2026

Орта Азияның өзге елдері жүздікке енбеген. Мәселен, Қырғызстан 101-орында тұрса, Түркіменстан 119, Өзбекстан 132, Тәжікстан 154 орындарға тұрақтаған. 

Ал әлемде алкогольды ішімдікті ең аз тұтынатын елдер ретінде Кувейт, Иран, Сирия және Пәкістанды атауға болады. 

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
Читать полностью