Сайлау қарсаңындағы фейктер: Қазақстанда қандай ақпарат тарату схемалары анықталды

14.08.2026

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

JAQ.OrtCom Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық кеңістікте шынайы емес мәліметтер, фейктер мен арандатушылық материалдардың жаппай таралып жатқанын мәлімдеді.

Орталықтың хабарлауынша, қазірг ақпараттық ықпал ету технологиялары жүйелі түрде қолданылып жатыр. Алдымен арандатушылық сипаттағы ақпарат дайындалып, кейін ол анонимді платформаларда жарияланады. Одан соң бот-желілер арқылы жаппай таратылып, қоғамда кең қолдау тапқандай әсер қалыптастырылады.

Мәліметке сәйкес, мұндай материалдар көбіне анонимді Telegram-арналар, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар және өзара байланысқан бот-аккаунттар арқылы таралады. Кейбір жағдайларда ақпараттық науқандардың шетелден үйлестірілетінінің белгілері де байқалған. Сондай-ақ жарияланымдардың бірдей мәтінмен және ұқсас визуалды безендірілуі олардың орталықтандырылған түрде дайындалатынын көрсететіні айтылды.

JAQ.OrtCom мәліметінше, жалған ақпараттың едәуір бөлігі жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалады. Оның ішінде шынайы көрінетін аудио, фото және бейнематериалдар – дипфейктер де бар.

"Сайлау науқаны кезінде әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда 200-ден астам анонимді әрі деструктивті аккаунт арқылы шамамен 15 сериядан тұратын ақпараттық материал таралған. Олардың арасында манипуляциялық ақпарат, қолдан жасалған құжаттар және танымал тұлғалар мен мемлекеттік орган басшыларының бейнесі пайдаланылған дипфейктер кездескен. Осы ақпараттық шабуылдардың алдын алу мақсатында 44 түсіндіру материалы, соның ішінде бейнероликтер, нұсқаулықтар, ақпараттық постерлер және кең таралған мифтерді жоққа шығаратын жарияланымдар дайындалған", – делінген хабарламада. 

Орталық азаматтарды эмоциялық және арандатушылық сипаттағы анонимді жарияланымдарға сыни көзқараспен қарап, ақпаратты тек ресми дереккөздер мен кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тексеруге шақырды. Сонымен қатар шынайылығы расталмаған мәліметтерді таратпауға үндеді.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью