ҰБТ да талапкердің құқығы шектелсе, қайда шағымдана алады? ҰТО жауабы

02.06.2026

Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ, информирует.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде өз құқығын шектелді деп есептеген талапкерлер орталықтың комплаенс қызметіне шағымдана алатынын хабарлады. 

Байланыс нөмірі: +7 (7172) 57 59 51. 

Ұлттық тестілеу орталығының комплаенс офицері Ғалымжан Мұхамедьяровтың айтуынша, тестілеу пунктілерінде бақылаудың бірнеше деңгейі қарастырылған. Емтиханның таза өту үшін келесі шаралар қолға алынды: кіреберісте металл іздегіштер және жеке тұлғаны тану жүйесі жұмыс істейді. Бұл бөтен адамдардың кіруіне және тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермейді. Аудиторияда үздіксіз бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Барлық процесс бір мезетте Ахуалдық орталық арқылы қадағаланады. 

ҰТО дерегінше, ҰБТ басталғалы бері 283 заң бұзушылық тіркелді. 168 адам кіреберісте бақылаудан соң тестілеуге жіберілген жоқ. Тағы 115 талапкер тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. 

Бейнебақылау жазбалары алты ай бойы талданады. 

"Біз тек талапкерлерді ғана емес, орталық қызметкерлерін де тексереміз. Заңсыз көмек көрсеткен немесе ереже бұзған қызметкерлер қатаң жазаланады. Қажет жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданады", – деп ескертті Ғалымжан Мұхамедьяров. 

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью