Ұлытау облысында ер адамнан 300 ден астам киік мүйізі тәркіленді

18.12.2025

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

Ұлытау облысында "Киік – 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз сақталған киік мүйіздері анықталды. Рейдті Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген.

Жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы азаматтан 322 дана киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері тәркіленді. Заңсыз сақталған заттар ер адамның тұрғын үйінің шатырынан табылған.

Күдіктінің айтуынша, ол 2024 жылдан бері дала аумағынан киік мүйіздерін жинап, кейін оларды сату мақсатында сақтаған.

Оқи отырыңыз: Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге шұғыл қонды

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға кіріскен.

Айта кетейік, "Киік – 2025" жедел алдын алу іс-шарасы жабайы жануарларды заңсыз аулаудың, сақтаудың және сатудың жолын кесуге бағытталған.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью