Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Қырғызстанда депутат Жылдыз Таалайбекқызы мемлекеттік әлеуметтік саясатты сынға алып, жас отбасылардың жәрдемақыдан қағылып жатқандарын айтты. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
"Ереже бойынша, егер отбасында бір сиыр болса, онда жәрдемақы төленбейді. Сонда отбасы жәрдемақы алуы үшін жалғыз сиырын сатуы қажет пе? Бұл қаншалықты дұрыс тәсіл? Тіпті, жас отбасылар әке-шешесімен бірге тұратын әулеттер бар. Ал мемлекет әке-шешесінің бір сиырын сылтау етіп, жас отбасыларға да жәрдемақы бермейді", – деді депутат Жылдыз Таалайбекқызы.
Депутаттың сынына орай, Еңбек министрлігінің өкілдері Қырғызстанда қазіргі таңда қолданылатын ережені таныстырды.
Бекітілген ережеге сәйкес, егер отбасында бір ірі қара немесе төрт ұсақ мал болса, онда жәрдемақы төленбейді. Сондай-ақ, Қырғызстанның өңірлерде әртүрлі жәрдемақы есептеледі.