Жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс бөлуге қатысты мәселе шешілді оқу министрі

05.03.2026

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде видео жариялап, жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты беруге қатысты мәселенің шешімін тапқанын хабарлады. Оның айтуынша, Қаржы министрі мен Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрыққа қол қойды және бұл бұйрық алдын ала еліміздің 20 өңірінің әкімдігімен келісілген. 

"Бүгіннен бастап бұйрықты бүкіл 20 әкімдік тіркейді. Қаржы жергілікті атқарушы органның ақшасы сондықтан олар қаажатты Қаржы орталығына аударады. Қаржы орталығы оператор ретінде жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастырады", – деп түсіндірді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл ретте ведомство өз тарапынан барлық нормативті әрі ұйымдастырушылық жұмыстарды толық атқарғанын мәлімдеді.

"Сондықтан бүгінгі таңда бұған байланысты шешілмеген түйткілді мәселе жоқтың қасы. Бұйрыққа қол қойылды, мәселе шешімін тапты", – деді министр.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью