Жұлдыз Сүлейменова жеке мектептердің мәселесіне қатысты үш ресми ақпарат көзін атады

18.02.2026

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердегі өзгерістерді өзі үшін пайдаланып, делдал құрылымдар құрғысы келетін азаматтар бар екенін айтты. Бұл ретте ол жеке мектеп басшыларын мұндай құрылымдардан абай болуға шақырды. 

"Жекеменшік мектептердегі өзгерістерді пайдаланып, делдалдық құрылымдар құрғысы келетін немесе күмәнді қауымдастықтар ашқысы келетін азаматтар бар. Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерге байланысты "Атамекен" ҰКП, Орта білім комитеті және жергілікті білім басқармаларымен жұмысты жалғастырады. Ресми ақпараттың бәрі осы аталған мекемелер арқылы жеткізілетінін ескертемін. Бұл мәселеде ең басты нәрсе – тәртіп пен сапалы жұмыс. Жұмыс сапалы болған кезде білім де сапалы болады. Сапалы білім болса, біздің ұстаздарымыз да, мектебіміз де, оқушыларымыз да мықты болады. Сондықтан, шуға берілмей, деструктивті каналдарға ермей, біздің ресми ақпаратымызды тыңдауға, конструктивті диалог құруға шақырамын", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Бұған дейін оқу-ағарту министрінің қойма, моншада ашылған мектептердің болашағы туралы айтқан сөзін жариялаған болатынбыз. Жұлдыз Сүлейменова білім беру стандарттарын сақтамаған мектептерге меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржы берілмейтінін мәлімдеді. 

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
Читать полностью